Skip to main content
search

“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті барлығын “Ғылым және Жастар: медициналық көмектің сапасы және медициналық сауаттылық жөніндегі конференция” атты жас ғалымдардың II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция Секциялары:

* “Қоғамдық денсаулық сақтау”секциясы

* “Клиникалық медицина” секциясы

* “Фармация”секциясы

* “Хирургия” секциясы

* “Постерлік баяндамалар” секциясы

Конгресстің жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Конгреске қатысу үшін тіркеуден өтіп, қатысу нысанын таңдау қажет: материалдарды жариялау, постерлік баяндама, тыңдаушы ретінде және өтінімді мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdYlmIDqjfJc2p7ue9nkw8hiZitygCYq3O0zBCe2-wlI1bn2A/viewform?usp=sf_link 

Конференцияда ұсынылатын жарияланымдар мен постерлік баяндамалардың материалдары өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы немесе маңызды практикалық мәнге ие болуы тиіс.

Конференция материалдарының электрондық жинағында жарияланғысы келетіндерге 2024 жылғы 01 сәуірге дейін көрсетілген талаптар бойынша қолжазбаны (1-қосымша) электрондық мекенжайға жіберу қажет conference.ksph@mail.ru  және онлайн өтінімді толтырыңыз.

Конференцияға постерлік баяндамамен қатысқысы келетіндерге 2024 жылғы 01 сәуірге дейін нысан бойынша постерлік баяндама материалдарын (2-қосымша) электрондық мекенжайға жіберу қажет conference.ksph@mail.ru  және онлайн өтінімді толтырыңыз.

Тыңдаушы ретінде конференцияға қатысуға ниет білдіргендер онлайн өтінімді толтырсын.

Конференцияға қатысушыларға электрондық сертификаттар беріледі.

Конгресс ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а.

Өтетін күні: 2024 жылғы 12 сәуір

Конференция өтетін орын: Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а

Постерлік баяндамалар мен жарияланымдар мәселелері бойынша байланыс тұлғасы: Мойынбаева Шарапат Маркашқызы, тел: +77074278634

Close Menu