Skip to main content
search

Ғылым күнін мерекелеу аясында, 2024 жылғы 12 сәуірде “KSPH” медицина университетінде “Ғылым және жастар: медициналық көмектің сапасы және медициналық сауаттылық” атты жас ғалымдардың II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шара жоғары деңгейдегі сарапшылардың, Қазақстан Республикасының ғылыми қайраткерлерінің және таяу шет елдердің жас ғалымдарының қатысуымен жас ғалымдарды ғылыми қызметке ұмтылуда қолдау көрсету, олардың ғылыми материал дайындау дағдыларын және сөз сөйлеу дағдыларын дамыту, медициналық қоғамдастықты жаңа біліммен байыту мақсатында өтті.

Іс-шараның салтанатты бөлігінде “KSPH” ҚМУ ректоры, философия докторы (PhD) Әуезова А.М.; ОҚМА проректоры, м.ғ.д. Анартаева М.Ұ. және Бұхара медициналық институтының ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, м.ғ.д. Саноева М. Ж. құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияны “ҚДСЖМ” қазақстандық медицина университеті (бұдан әрі – “KSPH” ҚМУ), Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (бұдан әрі – ОҚМА) және Әбу Әли Ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты ұйымдастырды. “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Клиникалық медицина”, “Фармация”, “Хирургия”, “Постерлік баяндамалар” сияқты өзекті бағыттарды қамтыды.

Секциялар интерактивті режимде өтті және қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелерінің практикалық шешімдерін әзірлеу бойынша пікірталас алаңына айналды. Іс-шараны ұйымдастырушылар, қатысушылар медициналық жұртшылықтан көптеген оң пікірлер алды және көптеген медициналық ұйымдардың өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатты және одан әрі өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.

Іс-шара соңында конференцияға қатысушылардың үздік ғылыми баяндамаларының авторларын марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, “Ғылым және жастар” атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ҚМУ KSPH және ОҚМА жас ғалымдарының күштері ұйымдастырды, өйткені оқыту мақсаттарының бірі ғылыми іс-шараларды басқару және ұйымдастыру дағдыларын дамыту болып табылады.

Close Menu