«ҚДСЖМ» ҚМУ IAAR–2026 тәуелсіз рейтингінде көшбасшылық орнын тағы да растады

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университеті» Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) жүргізетін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу деңгейінің IAAR–2026 тәуелсіз рейтингінде тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, көшбасшылар қатарынан көрінді.

Рейтинг қорытындысы бойынша университет «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларының институционалдық рейтингінде 1-орынға ие болды.

Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ магистратура білім беру бағдарламалары еліміздегі үздік бағдарламалар ретінде танылып, келесі білім беру бағдарламалары топтары бойынша 1-орынды иеленді:
М139 – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»;
М145 – «Медициналық-профилактикалық іс».

Бұл жетістіктер университеттің білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін, ғылыми қызметінің тиімділігін және білім беру үдерісін үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысын айқын көрсетеді.

«ҚДСЖМ» ҚМУ ұлттық рейтингтегі көшбасшылық орны университеттің жоғары медициналық білім беру жүйесінің заманауи талаптарына толық сәйкес келетінін дәлелдеп, оны Қазақстанның жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтады.

Университет ұжымын, профессор-оқытушылар құрамын, білім алушылар мен түлектерді осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа кәсіби табыстарға, ғылыми жаңалықтарға және толағай жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Share