«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде атаулы гранттар мен стипендияларды тағайындау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Талқылауға осы бастама аясында білім алушыларға қаржылай қолдау көрсететін отбасы өкілдері қатысты.
Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша магистратура, резидентура және колледж білім алушылары арасынан гранттар мен стипендия иегерлері анықталды. Университет болашақ мамандарға қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласының көрнекті қайраткерлерінің есімдерін ұлықтап жүрген отбасыларға алғыс білдіреді.




