2026 жылдың 16 қыркүйегі «Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасы «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттары бойынша білім алып жатқан бірінші курс магистранттарымен таныстыру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында магистрлік зерттеу тақырыбы мен ғылыми жетекшіні таңдау, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, сондай-ақ оқу үдерісіне қатысты басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Студентке бағдарланған оқытудың міндетті құрамдас бөлігі болып табылатын элективті пәндерді таңдауға ерекше назар аударылды. Магистранттар ұсынылған курстар тізімімен танысып, кәсіби қызығушылықтары мен ғылыми-зерттеу бағыттарына сәйкес келетін пәндерді таңдады. Кездесу барысында білім алушылар қажетті ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, алдағы оқу үдерісінің негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік алды.

Share