ҚДСЖМ докторанты SOVMIN FORUM 2026 ғылыми конференциясында II орын иеленді

2026 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында жас ғалымдардың IV Республикалық «SOVMIN FORUM 2026» конференциясы өтті.

Ғылыми жұмыстар байқауының қорытындысы бойынша Қазақстан медициналық университеті «ҚДСЖМ»-нің «Медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Теменова Аслы Асафқызы жүлделі II орынға ие болды.

Конференция аясында докторант жалпы анестезия жағдайында жүргізілетін нейрохирургиялық операциялар кезіндегі церебралдық оңтайландыру мәселесіне арналған ғылыми зерттеу жұмысын ұсынды.

Зерттеудің өзектілігі ми тіндерін қорғау әдістерін жетілдіру, анестезиологиялық қамтамасыз етуді оңтайландыру және күрделі нейрохирургиялық араласулар кезінде пациенттердің қауіпсіздігін арттыру қажеттілігімен байланысты.

Республикалық ғылыми конференцияда жүлделі орынға ие болу университеттің жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу әлеуетінің жоғары екенін және олардың заманауи медицина ғылымын дамытуға қосып отырған үлесін көрсетеді.

Қазақстан медициналық университеті «ҚДСЖМ» Аслы Теменованы ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

Жас зерттеушіге жаңа ғылыми жаңалықтар, кәсіби өсу және алдағы ғылыми-зерттеу қызметінде толағай табыстар тілейміз!

Share