Жаңа білім — мейіргер ісін дамытуға жаңа мүмкіндіктер

ҚДСЖМ «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Исенова Балдай Калимуллиновна, PhD, Алматы қаласы стационарлық қызметінің мейіргер ісі жөніндегі координаторы Литва Республикасы, Каунас қаласында «Медициналық ұйымдағы инфекциялық қауіпсіздік және мейіргер қызметін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті.

Оқу 2026 жылғы 17–28 тамыз аралығында ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында мейіргерлік көмекті ұйымдастырудың еуропалық тәжірибесімен, инфекциялық бақылаудың заманауи тәсілдерімен, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мейіргерлік үдерістерді басқару және медициналық көмектің сапасын арттыру бағыттарымен танысуға мүмкіндік берілді.

Алынған білім мен тәжірибе ҚДСЖМ-нің білім беру үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізуге, сондай-ақ Қазақстандағы мейіргер ісін одан әрі дамытуға негіз болады.

Share