
Құрметті докторантураға түсушілер!
Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» докторантураға түсушілер арасында Ректордың білім беру грантына конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты — ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын, кәсіби дамуға ұмтылатын және жоғары зерттеушілік әлеуеті бар талапкерлерді қолдау.
Конкурстық материалдарды тапсыру мерзімі — 2026 жылғы 28 тамызға дейін.
Конкурсқа түсу емтихандарының қорытындысы бойынша 75 және одан жоғары шекті балл жинаған барлық талапкерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысудың негізгі талабы
Талапкер эссе ұсынуы қажет. Эсседе:
- докторантурада білім алуға деген уәждемесі;
- кәсіби жетістіктері;
- ғылыми қызығушылықтары;
- зерттеушілік әлеуеті
көрініс табуы тиіс. Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» барлық талапкерлерге сәттілік тілейді және ғылыми әрі кәсіби дамуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырады.
