
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 72 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 46 “Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» кәсіптік стандарты бекітілді.
Кәсіптік стандартты әзірлеуге Қазақстан медицина университеті «ҚДСЖМ»-нің «Денсаулық сақтауды басқару» кафедрасының қызметкерлері белсенді қатысты. «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» кәсіптік стандарты денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды құрал болып табылады. Ол қоғамдық денсаулық сақтауды басқаруды, денсаулық сақтау бағдарламаларын ұйымдастыруды, медициналық ұйымдарды басқаруды және заманауи басқару тәсілдерін енгізуді жүзеге асыратын мамандардың кәсіптік біліктілігіне қойылатын талаптарды айқындайды. Стандартты қолдану денсаулық сақтау менеджерлерінің кәсіптік қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыруға, медициналық ұйымдар басшыларын даярлау мен олардың құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ басқару тиімділігі мен медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан медициналық университеті «ҚДСЖМ» мамандарының кәсіптік стандартты әзірлеуге қатысуы университеттің басқару кадрларын даярлау жүйесін жетілдіруге, кәсіптік құзыреттерді дамытуға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының басқару әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді.
