Қазақстан Республикасы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) жүргізетін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу тәуелсіз рейтингісінің нәтижелері бойынша «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстан Республикасының ТОП-20 жоғары оқу орнының қатарына енді.
Магистратура бағыттары бойынша институционалдық рейтинг:
– «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті – 1-орын.
Докторантура бағыттары бойынша институционалдық рейтинг:
– «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті – 2-орын.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының докторантураның білім беру бағдарламалары топтары бойынша рейтингі:
– D139 «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 2-орын;
– D141 «Медицина» – 2-орын.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратураның білім беру бағдарламалары топтары бойынша рейтингі:
– M139 «Денсаулық сақтау менеджменті» – 1-орын;
– M140 «Қоғамдық денсаулық сақтау» – 2-орын;
– M144 «Медицина» – 2-орын;
– M145 «Медициналық-профилактикалық іс» – 1-орын.





