Еуразиялық білім беру және денсаулық сақтаудағы сапаны қамтамасыз ету және аккредиттеу орталығының 2026 жылғы 16 маусымдағы №76 хатына сәйкес, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің қызметкерлері 2026 жылғы 23 маусымда Алматы қаласында өткен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету және аккредиттеу» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинарға университеттің келесі қызметкерлері қатысты:

  1. Сыдыкова Бибинур Кабдыгаликызы – эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика кафедрасының меңгерушісі, PhD.
  2. Абдукаликова Дельмира Бақытбекқызы – қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, PhD.
  3. Мойынбаева Шарапат Марқашқызы – ғылым және консалтинг департаментінің директоры, PhD.
    Семинар барысында қатысушылар медициналық білім беру сапасын қамтамасыз етудің халықаралық және ұлттық тәсілдерімен, аккредиттеу бойынша сарапшыларға қойылатын талаптармен, сыртқы сараптамалық бағалау рәсімдерімен танысып, өзін-өзі бағалау есептерін талдау және сараптамалық ұсынымдарды әзірлеу бойынша тәжірибелік жұмыстарға қатысты. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға аккредиттеу жөніндегі сарапшы сертификаты берілді.
Share