2026 жылғы 28 мамырда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде университет ректорының доктор Зара Грантовна Андриасянмен кездесуі өтті. Кездесу оның Алматы қаласына жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында медицина және медициналық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Медициналық ұйымдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ оңалту медицинасы саласындағы заманауи тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Университет ректоры Ауезова Ардақ Муханбетжановна халықаралық серіктестік байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, университеттің бірлескен білім беру, ғылыми және тәжірибелік бастамаларды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті  халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтуды жалғастырып, шетелдік мамандармен және медициналық ұйымдармен серіктестік қатынастарды дамытып келеді.

Share