Салтанатты марапаттау рәсімі конференцияның маңызды сәттерінің бірі болып, ғылым мен медициналық білім беруді дамытуға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың маңызын айқындай түсті.

Профессор Татьяна Владимировна Попова — медицина ғылымы мен жоғары білім беру саласында мол тәжірибесі бар, кәсіби жолында көптеген ғылыми және академиялық жетістіктерге қол жеткізген білікті маман.

Университет ұжымы атынан Татьяна Владимировнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғылым мен медицина саласындағы еңбегіңіз бен тәжірибеңіз жас мамандарға әрдайым үлгі болып, жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Share