«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында шақырылған профессорлардың қатысуымен визитинг ұйымдастырылды: Суфияров Ильдар Фанусович — Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің терапия және науқастарға күтім жасаумен мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор, сондай-ақ Бегун Дмитрий Николаевич — Орынбор мемлекеттік медицина университетінің мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент.

Сапар аясында мейіргер ісі бойынша дәрістер өткізілді.

Кездесулер мен сабақтар барысында заманауи мейіргерлік білім беру мен практиканың өзекті бағыттары қарастырылды, соның ішінде мейіргерлік көмектің стандарттары, клиникалық ойлауды дамыту, пациенттерге күтім жасауда дәлелді тәсілдерді енгізу, сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің қызметінде инновациялық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

Дәрістер интерактивті форматта өтті, тыңдаушылармен белсенді пікір алмасу, клиникалық жағдайларды талдау және оқытушылар мен мамандар арасында кәсіби тәжірибе алмасу жүргізілді. Аталған іс-шараны жүзеге асыру қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және білім беру ұйымдары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Share