
Сертификаттау курсының тыңдаушыларының бірі – «Денсаулық сақтау менеджменті» бағдарламасының қатысушысы Апаев Эльдар Хусейнович Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
Ол ҚДСМ КМУ денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жұмысын былай бағалады:
«Сіздердің білімдеріңіз, тәжірибелеріңіз және денсаулық сақтауды басқарудағы көзқарастарыңыз менің кәсіби қалыптасуымның маңызды бөлігіне айналды. Сіздер ұсынған көптеген қағидалар мен тәсілдер бүгінде менің практикалық қызметімде және шешім қабылдау үдерісінде көмектесіп келеді. Маған көрсеткен қолдауларыңыз, тәлімгерліктеріңіз және менің дамуыма қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын».
Сертификаттау курсының барлық қатысушыларына кәсіби дамуда табыс және жеке өмірлерінде амандық тілейміз.
