
2026 жылғы 23 сәуірде өткен Ғылыми кеңес отырысында Байгуисова Динара Зулхарнаевнаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілгені туралы диплом салтанатты түрде табысталды. Диплом 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Алматы қаласында сәулелік диагностика қызметін ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғауы нәтижесінде берілді.
Динара Зулхарнаевнаны осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта ғылыми жетістіктер, кәсіби өсу, жаңа идеялар мен жобаларды табысты жүзеге асыруды, зор денсаулық пен амандық тілейміз!
