Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жас зерттеушілер бас қосқан жиында Кеңестің атқарған жұмыстары талқыланып, алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар айқындалды.
Отырыс барысында жас ғалымдарды толғандыратын өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, Жас ғалымдар кеңесі қызметінің жаңа кезеңін айқындайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Жас ғалымдар кеңесі Президиумының құрамы жаңартылып, төраға мен төрағаның орынбасары сайланды. Президиум құрамына шамамен 15 адам сайланды.
Олардың қатарында «Өмір және денсаулық» бағыты бойынша біздің «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің Ғылым және консалтинг департаментінің директоры Шарапат Марқашқызы Мойынбаева Президиум мүшелігіне тағайындалды.
Сондай-ақ, Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі болып біздің «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің Денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Назерке Нұрмағамбетқызы Нарымбаева сайланды.
Жаңарған құрамның алдында маңызды міндеттер тұр. Олардың қатарында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған халықаралық жиын мен Жас ғалымдар конгресін жоғары деңгейде өткізу, әр өңірдегі жас ғалымдар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ ғылыми ортадағы өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мен іс-шаралар қабылдау міндеттері бар.
Жас ғалымдарға сәттілік және толағай ғылыми жетістіктер тілейміз!



