2026 жылғы 30 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында 8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абдукаликова Дельмира Бақытбекқызының «Аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) бар балаларға стоматологиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбындағы PhD докторлық диссертациясының қорғалуы өтті.

Диссертациялық жұмыс Қазақстандық медицина университеті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында орындалды.

Ғылыми консультанттар ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Алмагүл Рахимқызы Рысқұлова, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Балалар стоматологиясы» кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Гүлжан Тілеумұханқызы Ермұханова болды.

Шетелдік ғылыми консультант ретінде Киев медициналық университеті (Киев қ., Украина) балалар терапиялық стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Инесса Якубова қатысты.

Диссертацияны көпшілік алдында қорғау қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес Абдукаликова Дельмира Бақытбекқызына «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Share