Skip to main content
search

Кеше “KSPH” университеті базасында «KSPH қауымдастығының серіктес университетінің арнайы қонағы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ашық дәріс/семинар сәтті өтті. 

Дәріс мүдделі тараптардың кездесу-диалог форматында өтті. Диалог тәжірибелі менеджерлердің практикалық жағдайларын талдауды, тәжірибе алмасуды, тәсілдерді салыстыруды және сұрақтарға жауап беруді қамтыды. 

Дәріс барысында спикерлер, айта кететін болсақ:

  • Сәуле Галимовна Нукушева м.ғ.д, профессор, 30 жылдан аса клиникалар, ҒЗИ, ҰО басқарды.
  • Валихан Ахметов профессор, м.ғ.д, ДДҰ консультанты, 23 жылдан аса басқару өтілі бар.
  • Расул Дүйсенов DBA, жеке клиниканың негізін қалаушы, Алматы клиникалары қауымдастығының атқарушы директоры. 15 жылдан аса тәжірибесі бар менеджер.

денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесін ұсынды.

Мұндай семинарлар тұрақты және қолданбалы фокустары мен тікелей байланысының арқасында танымал. Аталған іс-шараға гибридті форматта 30-дан астам адам: профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. 

Айта кету керек, барлық төлемдер 30 жылдық тәжірибесі бар дәрігер, қиын жағдайға тап болған менеджер Александр Лазаревтің отбасына арналған. 

Байланыс телефоны: +77750005141.

Close Menu