Жаңалықтар

«ҚДСЖМ» ҚМУ «Халықаралық бәсекеге қабілеттілік және ынтымақтастық» семинарына қатысты

By 02.10.2026No Comments

«ҚДСЖМ» ҚМУ «Халықаралық бәсекеге қабілеттілік және ынтымақтастық» семинарына қатысты

2026 жылғы 28–29 қыркүйекте Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Еуропалық білім, мәдениет және аудиовизуалдық құралдар жөніндегі атқарушы агенттігінің қолдауымен «Халықаралық бәсекеге қабілеттілік және ынтымақтастық» атты семинар өткізді.
Іс-шараға жоғары білім беру ұйымдарының басшылары мен өкілдері, зерттеушілер, сарапшылар және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Семинар барысында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жоғары білім беруді интернационалдандыру және білім беру ұйымдарының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті атынан семинар жұмысына Ғылым және консалтинг департаментінің директоры, PhD Мойынбаева Шарапат Марқашқызы қатысты.
Семинар аясында қатысушылар жоғары білім беруді интернационалдандыру саласындағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибелермен танысып, халықаралық әріптестікті, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасты.
Іс-шара қорытындысы бойынша Шарапат Марқашқызы оқу бағдарламасынан өтіп, білім беру іс-шарасына қатысқанын растайтын сертификат алды.
«ҚДСЖМ» ҚМУ осындай халықаралық білім беру бастамаларына қатысуы қызметкерлердің кәсіби дамуына, халықаралық байланыстарды кеңейтуге және университеттің ғылыми-білім беру қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.

Share