«ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің өкілі Бакуде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
2026 жылғы 30 қазанда Әзербайжанның Баку қаласында Әзербайжан медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының құрылғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған халықаралық конференцияға «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, PhD, EMBA Исенова Балдай Калимуллиновна қатысып, ғылыми баяндама жасады.
Іс-шара ғылыми және медициналық қауымдастық өкілдерінің басын қосып, ғылыми білім мен кәсіби тәжірибе алмасуға, қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтауды ұйымдастыру және мейіргер ісін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды.
Университет өкілінің конференцияға қатысуы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін айқындауға ықпал етті.
«ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университеті халықаралық серіктестікті дамыту, ғылыми бастамаларды қолдау және әлемдік озық тәжірибені медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласына енгізу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

