Skip to main content
search
0

ЖОО кейінгі білім беру департаменті

Касымбекова Анара Николаевна

Касымбекова Анара Николаевна

Директор

E-mail: a.kasymbekova@ksph.kz

Арыстанова Индира Абдижапбаровна

Арыстанова Индира Абдижапбаровна

бас маман

Email: i.arystanova@ksph.kz
Жұмыс телефоны: +7 771 780 7667

Жетыбаева Сандугаш Бакытовна

Жетыбаева Сандугаш Бакытовна

старший методист

E-mail: zhetybaeva@ksph.kz

Туганбаева Надира Ержановна

Туганбаева Надира Ержановна

бас маман

Email: n.tuganbayeva@ksph.kz
Жұмыс телефоны: +7 771 780 7667

ЖОО кейінгі білім беру департаменті кадрлардың – докторанттар (PhD) мен магистранттардың дипломнан кейінгі дайындық жүйесін басқаруды жүзеге асыратын «ҚДСЖМ» құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Тарихы. Магистратура және докторантура Департаменті 2010 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары  мектебінің ректоры бұйрығының негізінде құрылған.

Департаменттің мақсаттары мен міндеттері
бөлімнің негізгі мақсаты ретінде үздіксіз білім беру қағидаларына және әлемдік еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ҚДСЖМ-да докторанттар (PhD) мен магистранттарды даярлаудың тиісті талаптарын және толыққанды мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде ықпал ету, Қазақстан Республикасы үшін ғылыми кадрларды (PhD докторларын және магистрларды) даярлау бойынша біріктірілген білім беру кеңістікті қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық мақсаты – ҚДСЖМ-да кадрларды (PhD докторларын және магистрларды) даярлау деңгейін әлемдік сапа стандарттарына және әлемдік еңбек нарығының басым қажеттіліктеріне сәйкестікті қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу.

Практикалық мақсат – білім алушы ғылыми-педагогикалық кадрларына (PhD докторларын және магистрларды) жоғары құзырлы сапаға кепіл беретін білім беру орталығы ретінде ҚДСЖМ имидждік қорын қалыптастыру.

Департаменттің негізгі міндеттері:

Кафедра басшылығымен бірлесіп ҚДСЖМ барлық бағыттары мен мамандықтары бойынша докторанттар мен магистранттарды қабылдау және даярлауды ұйымдастыру және жоспарлау.
Әлемдік еңбек нарығында қажет етілетін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету, оның ішінде бюджеттік, сондай-ақ келісім-шарттық және мақсаттық қабылдау жоспарларын орындау, сонымен қатар докторанттар мен магистранттармен диссертациялардың уақытылы орындалуы.
ҚДСЖМ кафедраларының докторанттар мен магистранттарды даярлау бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, оның ішінде, ҚДСЖМ кафедраларымен ғылыми-білім беру бағдарламаларын мамандарды аталған даярлау деңгейлері мен сатысы бойынша әзірлеуге және жүзеге асыруға бақылау жүргізу.
Білім алушылардың аттестаттауы және ғылыми жетістіктерінің қорытындылары бойынша ҚДСЖМ докторанттары мен магистранттарын даярлау жағдайының бақылауын, есебін, талдауын және бағалауын жүзеге асыру.

Департамент қызметінің негізгі функциялары:

Білім беру процесін тиімді жоспарлау, ұйымдастыру, басқару және бақылау;

Оқу процесін қамтамасыз ету бойынша кафедралар мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру;

Оқу процесін жетілдіруге бағытталған нұсқаулық материалдарды әзірлеу және құрастыру;

Профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлауын және нақты орындалуын бақылау;

Университетте және білім алушылардың жеке құрамы бойынша оқу процесін ұйымдастыруға байланысты бұйрықтар мен өкімдерді ресімдеу;

Оқу процесінің барысын, аралық (емтихан) сессиялардың нәтижелерін және қорытынды аттестаттауды талдау;

Білім алушылардың оқу сабақтарының кестесін жасайды;

Кестеге сәйкес білім алушылардың сабаққа қатысу мониторингі;

MOODL және Platonus АЖ-да ағымдағы аттестаттаудың мониторингі;

Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша деректер базасын қалыптастырады;

Департаменттің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілері.
Білім беру қызметтерін жүзеге асыру тәртібі келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:

– Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 04 шілдедегі бұйрығы;

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;

– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 97 бұйрығы. “Қашықтықтан оқытуды беру жөніндегі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту жөніндегі оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы”Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Өтепов к-сі, 19А, пошталық индекс 050060
Телефондары: +7 (727) 3378011, +7 (727) 3378032.

План_работы_ДПО

Close Menu