“Радиология” кафедрасы 2024 жылдың қыркүйегінде ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі-Култаев Асхат Сейтханович, м.ғ. к., жоғары санатты УДЗ дәрігері. “ҚДСЖМ” ҚМУ “Радиология” кафедрасы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру түрлерін жүзеге асырады: резиденттерді “Радиология” ББ бойынша оқыту, біліктілікті арттыру курстары, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сыныптары, семинарлар мен дәрістер жүйелі түрде ұйымдастырылады.
Резиденттерді оқыту Ультрадыбыстық диагностика, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография, ядролық медицина, рентгенология (ересектер де, балалар да) және ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерін қамтитын басқа циклдар бойынша өтеді. Сабақтар республикалық және қалалық мәртебесі бар клиникалық базаларда, сондай-ақ жекеменшік клиникаларда (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, №4 қалалық клиникалық аурухана, қалалық адам репродукциясы орталығы, балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, “Zam-zam” клиникасы және т.б.) өтеді.

Култаев А.С.,

Алимухамедова Д.К
