Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы 1998 жылы «Денсаулықты нығайту және әлеуметтік ғылымдар» деген бастапқы атаумен құрылды. Кейінгі жылдары қызмет бағыттарының кеңеюіне байланысты кафедра «Денсаулық сақтау саясаты және басқару», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» атауларымен аталды. 2026 жылғы 28 тамыздан бастап Оқу кеңесінің шешімімен «Қоғамдық денсаулық және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының атауы «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра жұмысының негізгі бағыттары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, денсаулықты нығайту, қоғамдық денсаулық сақтау саясаты, аурулардың профилактикасы, биоэтика және ғылыми зерттеулер әдіснамасы салаларындағы оқу-білім беру, ғылыми-зерттеу, консалтингтік және сараптамалық қызмет. Кафедра «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша магистратура және докторантура (PhD) білім беру бағдарламаларының бітіруші кафедрасы болып табылады. Кафедра ұзақ мерзімді білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлайды, қысқа мерзімді курстар мен қайта даярлау бағдарламаларын өткізеді, сондай-ақ қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқытуды жүзеге асырады. Кафедра қызметкерлері халықаралық жобаларға белсенді қатысып, жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнатуда.

Айтамбаева Надира Нурбековна
Email: N.Aitambayeva@ksph.kz

Рыскулова Алма – Гүл Рахимовна
Email: a.ryskulova@ksph.kz

Ашуева Назиля Исахан-қызы
nazilya78ashueva@mail.com

Куракбаев Куралбай Куракбаевич
Email: k.kurakbaev@ksph.kz

Баймұратова Майраш Аушатқызы
Email: m.baimuratova@ksph.kz

Абилдаев Тлеухан Шилдебаевич

Попова Татьяна Владимировна
Email: t.popova@ksph.kz

Абдукаликова Дельмира Бакытбековна
Email: delmira-555@mail.ru

Абдирова Тамара Муталимовна
Email: t_abdirova@mail.ru