2026 жылғы 16 қарашада Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» базасында Алматы қаласының медициналық ұйымдарының дәрігер-эпидемиологтарына арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында оқыту басталды.

Білім беру бағдарламасы медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың (МӘКБИ) алдын алу жүйесін жетілдіруге, эпидемиологиялық қадағалауды күшейтуге және медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Оқытушылар қатарында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы Төлепова Гүлнара Аппасовна бар. Ол қатысушылармен эпидемиологиялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылау саласындағы кәсіби тәжірибесі мен практикалық білімдерімен бөлісуде.

Бағдарлама аясында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, МӘКБИ профилактикасы, эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізу мәселелері қарастырылуда.

Оқытудың екінші күні – 17 қарашада практикалық сабақтар мен жағдаяттық тапсырмаларды талдауға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар түрлі эпидемиологиялық жағдайларды талдап, инфекциялық тәуекелдерді анықтау және олардың алдын алу алгоритмдерін қарастырды, эпидемиологиялық талдау әдістері мен инфекциялық бақылау саласында тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдерін талқылады.

Практикалық сабақтар белсенді кәсіби пікір алмасу форматында өтті. Дәрігер-эпидемиологтер тәжірибе алмасып, медициналық ұйымдардың күнделікті қызметінде туындайтын өзекті мәселелерді талдап, оларды шешудің ықтимал жолдарын бірлесіп қарастырды.

Оқу үдерісінде теориялық білімді жаңартумен қатар мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, эпидемиологиялық талдау, тәуекелдерді бағалау және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы құзыреттерін дамытуға мүмкіндік беретін практикалық бағдарланған тәсілге ерекше мән беріледі.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу дәрігер-эпидемиологтердің кәсіби әлеуетін нығайтуға, инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге және медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» медициналық мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырып, практикалық даярлыққа, заманауи кәсіби тәсілдерді енгізуге, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға ерекше көңіл бөлуде.

Мамандардың үздіксіз кәсіби дамуы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, сондай-ақ Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Share