2026 жылғы 12 қарашада Назарбаев Университетінде «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің ректоры Ардақ Мұханбетжанқызы Әуезова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, ал университетіміздің қызметкерлері «Қоғам денсаулығы мен цифрлық кеңістіктегі МСАК тиімділігі» халықаралық конгресіне қатысты.

Меморандумға қол қою екі университет арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болды. Құжат медициналық білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларын іске асыруды көздейді.

Серіктестік профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдардың, докторанттар мен білім алушылардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер береді.

Халықаралық конгресс академиялық және медициналық қоғамдастық өкілдерін, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар мен мамандарды біріктірді. Қатысушылар медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялау және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық және ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қоса отырып, жетекші білім беру және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық аясын жүйелі түрде кеңейтуді жалғастыруда.

Share