Осыдан тура 180 жыл бұрын, 1846 жылы америкалық дәрігер Уильям Мортон эфирлік наркозды қолдана отырып, алғашқы операцияны жасады. Бұл оқиға анестезиология және реаниматология қызметінің дамуына негіз қалады. Мұнда пациенттің қауіпсіздігі мен сапасы әрқашан басты орында.
Осы айтулы күнге орай Қазақстан медициналық университеті «ҚДСЖМ» Жедел медициналық көмек курсы бар анестезиология және реаниматология кафедрасы С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың №2 Анестезиология және реаниматология кафедрасы және Балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы кафедрасымен бірлесе отырып ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияда 1-жыл резиденттері әлемдік анестезиологияның тарихы, отандық қызметтің қалыптасуы және алғашқы анестезиология және реанимация бөлімдерін ашқан аға буын өкілдері туралы баяндамалар жасады.
Атап өтерлігі, 1-жыл резиденті Дархан Нүкенов Қазақстандағы балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясының тарихына арналған баяндамасын ұсынды. Елімізде бұл бағыттың тарихы 50 жылдан асады. Ал балалар анестезиологиясының негізін салушы — профессор Төлеген Алтайұлы Жұмабеков қазіргі таңда «ҚДСЖМ» университетінің кафедрасында қызмет атқаруда.
Құттықтаулар мен ізгі тілектер:
Мерекелік шарада кафедра меңгерушілері құттықтау сөз сөйледі: доцент Г.С. Бердиярова, профессор В.В. Чурсин және профессор А.Д. Сепбаева.
Кафедрамыздың доценті Е.А. Әділбеков жас мамандарға жылы лебізін білдіріп, бүгінгі таңда клиникада, профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жас анестезиолог-реаниматологтардың кәсіби қалыптасуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.
Барлық әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Қауіпсіз наркоз және сенімді пациенттер тілейміз! 🤝













