



«Таза Қазақстан» іс-шарасы аясында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының жұқпалы аурулар және климаттың өзгеруі жөніндегі бөлімінің бұрынғы директоры Робб Батлердің қатысуымен «Климат және денсаулық» (Climate and Health) тақырыбында ғылыми-ағартушылық дәріс өтті.
Дәріс барысында климаттың өзгеруінің халық денсаулығына әсері, қазіргі заманғы сын-қатерлер және оларды шешудің негізгі тәсілдері қарастырылды. ДДҰ-ның 2025-2030 жылдарға арналған Еуропалық жұмыс бағдарламасына (European Programme of Work 2025-2030) ерекше назар аударылды. Аталған бағдарламада климаттың өзгеруі мен қоршаған орта мәселелері төрт негізгі басымдықтың бірі ретінде айқындалған.
«Таза Қазақстан» іс-шарасы университеттің идеологиялық және ғылыми-ағартушылық жұмысы аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың жаһандық қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ денсаулық пен қоршаған орта мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталды.
