Жаңа оқулық қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық білім беру және денсаулық сақтау менеджменті саласындағы жетекші ғалымдар мен мамандардан құралған авторлар ұжымымен дайындалды. Басылымда қоғамдық денсаулық мәселелеріне, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға, медициналық менеджментке, кадрлық ресурстарды даярлау мен дамытуға қатысты заманауи тәсілдер кеңінен қамтылған.
Таныстырылым барысында авторлар медициналық ғылымды дамыту, білім беру процесінің сапасын арттыру және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Оқулықтың таныстырылымы конференцияның маңызды оқиғаларының біріне айналып, медициналық қауымдастық өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
Оқулық авторлары:
— Валихан Исаевич Ахметов
— Максут Адильханович Камалиев
— Куралбай Куракбаев
— Расул Серикович Дюсенов
— Маржан Дихановна Бримжанова
ҚДСЖМ ҚМУ авторларды маңызды ғылыми басылымның жарық көруімен құттықтап, медициналық білімді, ғылымды және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін шынайы алғысын білдіреді.
«Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» оқулығы студенттер, магистранттар, PhD докторанттар, оқытушылар және практикалық денсаулық сақтау саласының мамандары үшін сұранысқа ие әрі құнды білім көзіне айналатынына сенім білдіреміз.
Авторларға зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер, шабыт және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тілейміз!













