2026 жылғы 22-23 мамыр күндері Алматы қаласында «Клиникалық медицина және денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстар: сын-тегеуріндер мен практикалық шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Конференция денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға, медицина саласындағы кадрлық ресурстарды дамытуға, кәсіби білім беру мен заманауи HR технологияларын енгізуге арналған маңызды диалог алаңына айналды.
Іс-шара барысында медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі, кәсіби күйзелістің алдын алу, кадр тапшылығы, басқару тиімділігі, медициналық білім беруді жетілдіру және практикалық шешімдер тақырыптары кеңінен қозғалды.
Конференцияның арнайы шақырылған қонақтары қатарында:
— HR CAPITAL компаниясының негізін қалаушы, HR технологиялары бойынша сарапшы, «Құрмет» орденінің иегері Рифат Ришатович Абдураманов;
— Ritsumeikan Asia Pacific University (APU) вице-президенті, MD, PhD Серик Касымханович Мейрманов болды.
Қонақ спикерлер медицина және кадрлық басқару саласындағы халықаралық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи HR шешімдері, тиімді коммуникация және адами капиталды дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар конференция аясында «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» оқулығының ресми тұсаукесер рәсімі өтті. Оқулық денсаулық сақтау саласындағы білім беру процесін жетілдіруге бағытталған маңызды ғылыми еңбек ретінде таныстырылды.
Конференция тәжірибе алмасуға, ғылыми пікірталас жүргізуге және денсаулық сақтау жүйесіндегі практикалық шешімдерді талқылауға арналған маңызды кәсіби алаң болды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, қонақтарға, спикерлерге және серіктестерге алғыстарын білдірді.






