Skip to main contentҚажетті құжаттар тізімі
- Резидентураға түсетін адамдар 3-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
- ректордың атына еркін нысандағы өтініш;
- жоғары білім туралы дипломдар мен олардың қосымшаларының түпнұсқалары және көшірмелері (бакалавриат және интернатура);
- интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі;
- денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
- өлшемі 3×4 сантиметр болатын алты фотосурет;
- деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған интернатурада қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің бағасын көрсете отырып, ведомостен үзінді (“Тәуелсіз емтихан ұлттық орталығы” РҚБ (ҰЭО) өткізетін тестілеу);
- кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес медициналық анықтама. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген “медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)” № 075/у нысаны (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі-бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020).
- Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
- “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес дайындық мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып оқуға түсушілер үшін өту балы 75 балдан төмен емес.