Skip to main content
search

Қажетті құжаттар тізімі

Резидентураға түсетін ұміткерлер 3-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

1. Ректордың атына еркін нысандағы өтініш;

2. Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы (бакалавриат және интернатура);

3. Интернатураны бітіргені туралы куәліктің түпнұсқасы;

4. Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының түпнұсқасы;

5. Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;

6. Еңбек кітапшасының түпнұсқасы (бар болса);

7. Өлшемі 3×4 сантиметр болатын алты фотосурет;

8. Деканның қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталған интернатурада қорытынды аттестаттаудың 1-кезеңінің бағасын көрсете отырып, ведомостен үзінді (“Тәуелсіз емтихан ұлттық орталығы” РҚБ (ҰЭО) өткізетін тестілеу);

9. Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес медициналық анықтама. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген “медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды)” № 075/у нысаны (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі-бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесі ұсынылған кезде қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Қабылдау комиссиясына құжаттарды беру кезінде осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге түсушінің қатысуымен жүргізілетін салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады. Ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды тапсырған түсуші оқуға түсуге бұйрық шығарар алдында жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасын қабылдау комиссиясына тапсырады.

“Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес дайындық мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып оқуға түсушілер үшін өту балы 75 балдан төмен емес.

Close Menu