
Құрметті әріптестер!
«Medicine, Science & Education» ғылыми-практикалық журналының редакциясы журналдың 2025 жылғы №2 санында жариялау үшін мақалаларды қабылдауды жалғастыруда.
Журналда түпнұсқа ғылыми зерттеулердің материалдары бойынша дайындалған жұмыстар, әдебиеттерге тақырыптық шолулар, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық практика және білім беру саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінің сипаттамасы жарияланады.
Журналда мақала жариялау құны15 мың тенге.
Қабылдау мерзімі – 2025 жылдың 02 маусымына дейін.
Мақаланы берер алдында https://www.ksph.edu.kz/ сайтындағы «Журнал» – «АВТОРЛАРҒА» бөліміндегі мақалалардың қолжазбалары үшін қойылатын талаптармен мұқият танысуды сұраймыз және сол бөлімде орналасқан форма арқылы мақаланы жүктеуге болатынын хабарлаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және консалтинг департаментінің директоры Тулебаева Индира Қазбекқызына хабарласуға болады.
Байл.тел.+7 777 823 8585, e-mail I.tulebayeva@ksph.kzЖаңалықтарымызды біздің сайттан https://ksph.edu.kz/ және Mediclub телеграм-арнасынан қадағалаңыз.