2025 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты форум өтті.
Іс-шараға министр Саясат Нұрбек, жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, «Атамекен» ҰКП сарапшылары, диссертациялық кеңестердің төрағалары мен ғылыми журналдардың бас редакторлары қатысты.
Форумда біздің университет атынан академиялық және ғылыми қызмет жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев М.А. және Ғылым консалтинг департаментінің директоры Төлебаева И.К. қатысты.
Форум аясында пленарлық отырыс және «Ғалымның жариялау стратегиясы» мен «Мемлекеттік бақылау мәселелері» тақырыптық сессиялары өткізілді.