Skip to main content
search

20 мамыр күні Алматы қаласында медицина ғылымдарының докторы, профессор Құралбай Құрақбайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Денсаулық сақтаудағы кадрлық ресурстар» атты ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея елдерінен жетекші ғалымдар, практик-мамандар мен басқарушылар, сондай-ақ ДДСҰ өкілдері қатысты. Жиын барысында кадр саясаты, медициналық білім беру, халықаралық ынтымақтастық және денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуы мәселелері талқыланды.

Профессор Құралбай Құрақбайұлы «ҚДСЖМ» КМУ-ның Құрметті профессоры атағымен марапатталды. Ұстазға шәкірттері, әріптестері, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері тарапынан шынайы құрмет пен жылы лебіздер айтылды.

Бұл конференция тек ғылыми пікір алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосқан ұлағатты ұстазға деген құрметтің көрінісі болды.

Жақында Reels пен стористе конференцияның жарқын сәттерімен бөлісеміз! Байланыста болыңыз!

Close Menu