

Бүгін ректор Ауезова Ардак Муханбетжановна университет қызметкерлеріне арналған жоспарлы жиналыс өткізіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының денсаулық сақтау саласына қатысты ережелерін талқылады.
Кездесу барысында азаматтардың денсаулығын қорғау құқығына кепілдік берілетіні және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі сақталатыны атап өтілді. Сонымен қатар медициналық көмекті қаржыландыру көздері мемлекеттік бюджетпен қатар қайырымдылық, халықаралық ұйымдар және ірі ұлттық компаниялар есебінен кеңейтілетіні, бұл ретте азаматтардың құқықтары шектелмейтіні айтылды.
Жиналыста халық денсаулығын ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі ретінде қорғау мәселесіне, сондай-ақ ақпарат тарату кезінде азаматтардың денсаулығына, адамгершілік қағидаттарына және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеу жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, білім мен ғылымның, соның ішінде медициналық білімнің, мемлекеттің орнықты дамуы мен адами капиталды қалыптастырудағы стратегиялық маңызы атап өтілді.
Жоспарлы жиналыс қызметкерлердің офлайн және онлайн форматта қатысуымен ашық талқылау түрінде өтті.
