Университет қызметкерлері Барселона қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

2026 жылғы 19 қарашада «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университетінің қызметкерлері Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы мен Мойынбаева Шарапат Марқашқызы 2026 жылғы 18–19 қараша күндері Испанияның Барселона қаласында өткен медицина және жаһандық денсаулық сақтау бастамалары жөніндегі халықаралық конференцияға — International Conference on Medicine and Global Health Initiatives (ICMGHI-26) қатысты.

Конференция аясында зерттеушілер «Accumulated Anger as a Linking Component in the Structure of Aggression Among Adolescents in Kazakhstan» («Қазақстан жасөспірімдері арасындағы агрессия құрылымындағы байланыстырушы компонент ретіндегі жинақталған ашу-ыза») тақырыбында ауызша баяндама жасады.

Ғылыми зерттеу «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқын басқару жүйесін әзірлеу және енгізу» (ЖТН AR 26102083) жобасы аясында жүзеге асырылды.

Баяндамада Басс–Перри агрессия сауалнамасы (Buss–Perry Aggression Questionnaire) негізінде Қазақстан жасөспірімдері арасындағы агрессия құрылымына желілік талдау жүргізу нәтижелері, сондай-ақ алынған нәтижелердің тәуелсіз іріктемеде қайталану мүмкіндігін тексеру мәселелері қарастырылды.

Зерттеудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқының психологиялық механизмдерін тереңірек зерделеу және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтау.

Халықаралық ғылыми конференцияға қатысу отандық зерттеулердің нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстыруға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға және кәсіби ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Әріптестерімізді ғылыми зерттеу нәтижелерін сәтті таныстыруымен құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу қызметінде толағай табыстар тілейміз!

Share