
Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Құракбаев Құралбай Құралбайұлы «Барыс» III дәрежелі орденімен марапатталды!
⠀
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жоғары мемлекеттік наградалар табысталды.
⠀
Куралбай Құралбайұлы — еліміздің көрнекті ғалымы, ұстаз. 4 медицина ғылымдарының докторы, 6 PhD докторант, 6 медицина кандидатын дайындаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, бірнеше оқулық пен монографияның авторы.
⠀
Биыл Куралбай Құралбайұлы өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.
⠀
Президент медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру, олардың қауіпсіздігі мен қолдауын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
⠀
Біз де өз тарапымыздан шын жүректен құттықтаймыз!