Skip to main content
search
0

Су тасқыны кезеңінде жұқпалы аурулардың алдын алуда санитариялық-эпидемиологиялық іс шаралар өте маңызды. Себебі, су тасқыны кезінде жұқпалы ауруларды турдыратын қолайсыз эпидемиологиялық жағдайлар дамуы мүмкін. Су арқылы берілетін инфекциялық аурулардың ішінде ішек инфекцияларының тобы, энтеровирустар, гепатит А, тырысқақ, іш сүзегі, паратифтер, дизентерия, лептоспироз, ротавирустық энтерит жиі кездеседі.

Осы орайда, су тасқыны және төтенше жағдайлар кезінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісім бойынша ауыз судың сапасына бақылаудың күшейтілген режимі орнатылады. Су тасқыны кезінде түрлі аурулардың алдын алу үшін тұрғындардың келесі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы қажет:

•ішуге тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;

•жеке бас гигиенасын қатаң сақтау, оның ішінде балаларға жеке бас гигиенасын сақтауын үйрету (тамақтану алдында, дәретханадан, ойыннан кейін, тамақ дайындау алдында қол жуу);

•жеміс – жидектерді пайдаланар алдында қайнаған сумен өңдеу, ағынды сумен мұқият жуу;

Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін сақтау;

Тамаққа термиялық өңдеуден өткен азық-түлік өнімдерін қолдану;

Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау;

  • тұрғын үй-жайларды және үйдің жанындағы аумақты таза ұстау;
  • толтырылуына қарай қазылған шұңқырларды тазалап тұру;
  • ауыз су мақсатында пайдаланылатын ұңғымаларды тазарту, дезинфекциялау.

Гигиеналық ережелерді сақтау Сізді көптеген аурулардан қорғайды!

Жедел инфекциялық ауру белгілері: дене қызуының көтерілуі, құсу, іштің өтуі және т.б. пайда болған жағдайда дереу жергілікті медициналық ұйымнан медициналық көмек сұраңыз.

Close Menu