Skip to main content
search

2026 жылғы 27 ақпанда «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университеті «ҚДСЖМ» базасында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау менеджменті бойынша стратегиялық диалог: кәсіби стандарттар және көшбасшылықты дамыту» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: тәжірибе алмасу және «Денсаулық сақтау менеджері» кәсіби стандартын, денсаулық сақтау менеджерінің негізгі құзыреттерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқару білімдері мен тәсілдерін дамыту перспективаларын талқылау.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Сұлтанғазиев Т.С., облыстық және қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары мен өкілдері, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және отандық сарапшылар, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және бейресми білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы, денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, денсаулық сақтау менеджерлері, медициналық ұйымдардың аға және бас мейіргерлері, білім алушылар қатысты. Қатысушылар мен тіркелгендердің жалпы саны – 250 адам.

Қатысушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Сұлтанғазиев Т.С., ҚР ҰҒА академигі Локшин В.Н., С. Қайырбекова атындағы ҰҒДО басқарма төрағасы Күлқаева Г.У., профессорлар Қапанова Г.Ж., Камалиев М.А., Құрақбаев К.К., Бримжанова М.Д., Ерғалиев Қ.А., Кошербаева Л.К. және т.б. баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады. Конференция баяндамаларды талқылаумен, пікір алмасумен және қарар қабылдаумен аяқталды.

Close Menu