Skip to main content
search

2025 жылғы 4 маусымда Қоғамдық денсаулық сақтау менеджменті кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Камалиев Максут Адильханович бұрынғы қызмет орны – С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Үздік ұстаз» құрметті атағына ие болды.

Бұл жоғары марапат – оның көпжылдық адал еңбегінің, терең білімінің, педагогикалық шеберлігі мен өз ісіне деген шексіз беріктігінің нәтижесі.

Максут Адильханович тек студенттерді ғана емес, қазіргі уақытта магистранттар, докторанттар мен курсанттарды оқытып қана қоймай, сонымен қатар өзінің өнегесімен оларды шабыттандырып, денсаулық сақтау саласының жаңа кәсіби буынын қалыптастырып келеді.

Құттықтаймыз!
Жоғары марапатпен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер мен шәкірттерінің алғысын тілейміз!

Close Menu