
2025 жылғы 21 шілдеде «ҚДСЖМ» ҚМУ Қытай Халық Республикасындағы Санья қаласының дәстүрлі қытай медицинасы госпиталі және ParkHealth медициналық орталығымен Дәстүрлі қытай медицинасы клиникасын ашу туралы үшжақты келісімге қол қойды!
Клиника ParkHealth орталығы базасында жұмыс істейді және «ҚДСЖМ» ҚМУ-дың емдеу мен оқытуды біріктіретін ресми орталығы болады.
Қытайдан келген дәрігерлер:
-пациенттерді қабылдап, ем жүргізеді
-Қазақстандық мамандарға дәстүрлі қытай медицинасының әдістерін – ине шаншу, массаж, фитотерапия және тағы басқа тәсілдерді үйретеді.
Бұл жаңа орталық Шығыс пен қазіргі заманғы медицинаны тоғыстыратын бірегей алаңға айналады! Ашылуы жақын