
ҚҰРМЕТТІ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСЕТІН ҮМІТКЕРЛЕР! ! !
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті Сіздерді күтуде
| Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталады | Кешенді тестілеу | Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу | Оқуға қабылдау |
| 1)Күнтізбелік жылдың 01 маусымынан бастап 08 шілдесіне дейін (https://testcenter.kz/ru/) | 20 шілдеден 10 тамызға дейін жүргізіледі; | Күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 8 шілде аралығы | 28 тамызға дейін |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті балл:
• ғылыми-педагогикалық магистратураға – 75 балл;
• бейінді магистратураға – 30 баллды құрайды.
Оқу тілі қазақ немесе орыс тілі болып табылатын бейіндік магистратураға ақылы негізде қабылдау кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Қабылдау қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын бейіндік магистратураға арналған кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес жүргізіледі: жалпы балл саны кемінде 30 балл болуы тиіс, оның ішінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша бірінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пәннен – кемінде 7 балл жинау қажет.
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардың азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшылық лауазымда кемінде бес жыл еңбек өтілі бар немесе бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасының сәйкес бейіні бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі бар тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде оқуға қабылданады.
Естеріңізге саламыз, бейіндік магистратура бағыттары бойынша 100 гранттық орын бөлінген:
Денсаулық сақтау менеджменті – 50 орын;
Қоғамдық денсаулық сақтау – 50 орын.
Құжаттарды тапсыру орны: Алматы қ., к-сі Утепова 19а , 201 каб., 2 қабат
Құжаттарды тапсыру мерзімдері: 01 және 26 желтоқсан аралығында 2025 ж.
Байланыс ақпараты: 87717807667
