Skip to main content
search

Ұлттық медициналық қауымдастықтың жоғары марапаты – «Алтын дәрігер» иегері!

Отечественное денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен халқымыздың саулығы жолындағы адал еңбегі үшін Ұлттық медициналық қауымдастық Наханова Жұпар Карибековнаға «Алтын дәрігер» марапатын табыстады.

Бұл марапат – Жұпар Карибековнаның көпжылдық кәсіби еңбегіне, адам өміріне деген жауапкершілігі мен жанашырлық танытқан қызметіне берілген жоғары бағалау.

Ұжым атынан Наханова Жұпар Карибековнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Еліміздің медицина саласын дамытудағы еңбегіңіз әрдайым абырой биігінен көріне берсін!

Close Menu