Алматыда “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті IX аймақтық WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында KSPH медициналық колледжі студентінің сәтті өнер көрсеткенін мақтанышпен хабарлайды.
Аталған чемпионат 2026 жылдың 25-27 наурыз аралығында өтіп, қаладағы 60 колледжді 47 құзыреттілік бойынша біріктірген ауқымды алаңға айналды. Бұл дода жас мамандардың кәсіби дағдылары мен практикалық дайындығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша колледж студенті
Сәкен Іңкәр Азаматқызы
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша II жүлделі орынға ие болды.
Аталған жетістік студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығын және оқытушылар құрамының кәсібилігін айқын көрсетеді. Чемпионатқа қатысу заманауи талаптарға сай практикалық дағдыларды көрсетуге және халықаралық стандарттарға сәйкес тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
WorldSkills қозғалысы кәсіби білім беруді дамытуға, жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.
“ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университеті жеңімпаз студентті лайықты жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруына сенім білдіреді.



