2024 жылғы 15 шілдеде “KSPH/ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінде докторантура және магистратура түлектеріне дипломдар тапсыру салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты тапсыру рәсімі “KSPH/ҚДСЖМ” ректоры, PhD Әуезова Ардақ Мұханбетжанқызының құттықтау сөзімен ашылып, сонымен бірге Камалиев Мақсұт Әділханұлына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдары кәсіподағының қоғамдық бірлестігі Кеңесінің төсбелгісін табыс етті.
Құрметті қонақтар: депутат, Алматы қаласы мәслихатының Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, “Керуен-Medicus” медициналық клиникасының бас директоры, біздің тұрақты серіктесіміз – Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Салидат Қайырбеков атындағы Денсаулық сақтау ұлттық даму ғылыми орталығы” Алматы қалалық филиалының басшысы – Файзулина Камила Мұхаметқалиқызы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге табысты мансаптық өсу мен амандық тіледі. Сондай-ақ олар “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтаудағы менеджмент”, “Медицина”, “Медициналық-профилактикалық іс” білім беру бағдарламалары бойынша магистратура түлектеріне дипломдар табыс етті .
Түлектер Шамшудинов Тимур, Бауыржан Мағжан, Тасқынғали Аяулым және Тұрлықожа Тоқжан университет басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына сапалы білім бергені және оқу барысында жасалған жағдайлар үшін алғыстарын білдірді.
Мерекенің қуанышты және жарқын атмосферасы барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады!
Құрметті түлектер, “KSPH/ҚДСЖМ” ҚМУ докторантура мен магистратураны аяқтауға байланысты шын жүректен құттықтауларын білдіре отырып, сіздерге одан әрі табысты ғылыми қызмет, жаңа ашылулар мен шығармашылық шабыт тілейді! Ақ жол, 2024 түлектері!