Құрметті әріптестер!

2026 жылғы 21-22 мамырда Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында (9-павильон), «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» – KIHE 2026 31-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі аясында 3-ші Республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026 өткізіледі.

Сіздерді денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамытуға, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге және жұмыс берушілерді білікті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараға жұмыс беруші ретінде қатысуға шақырамыз.

Жәрмеңке барысында Алматы қаласындағы медициналық білім беру ұйымдарының түлектері алғашқы жұмыс орындарын табуға мүмкіндік алады, ал жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы органдар кадрларға деген қажеттілікті толықтыра алады.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласының клиникалар қауымдастығы

Қоса ұйымдастырушылар:

• «ITECA» Қазақстандық көрме компаниясы («Денсаулық сақтау» – KIHE 2026 31-ші халықаралық көрмесінің ұйымдастырушысы)

• «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

• 4Study.kz білім және дағдылар академиясы

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 9-павильон

2026 жылғы Жәрмеңкеге қатысу үшін алдын ала тегін онлайн-тіркеуден өту қажет: www.kihe.kz («Билет алу» бөлімі) ПРОМОКОД: KIHE26VAK

Жұмыс берушілер өз стендтерін 1-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес рәсімдейді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 21-22 мамыр

Байланысатын адам: Сәрсембаева Дана, тел.: +7 701 6713371

Жоғарыда баяндалғанға қосымша, KIHE 2026 көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында 2026 жылғы 22-23 мамыр күндері Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 67а мекенжайындағы «Park Dedeman Almaty» қонақ үйінде «Клиникалық медицина және денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар: сын-тегеуріндер мен практикалық шешімдер» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтетінін хабарлаймыз.

Конференция аясында келесі бейінді секциялар ұйымдастырылады:

• медицина ғылымдарының кандидаты А.С.Култаевтың 60 жылдығына арналған «Клиникалық медицина. Ультрадыбыстық диагностика: стандарттардан бастап сараптамалық шешімдерге дейін» секциясы;

• Мейіргер ісі секциясы.

Конференция мемлекеттік органдар, медициналық ұйымдар, білім беру және ғылыми мекемелер өкілдерінің қатысуымен денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және практикалық шешімдер әзірлеуге арналған кәсіби алаң болмақ.

Сіздерді конференцияға қатысуға және іскерлік бағдарламаға қатысу үшін мамандарды жіберу мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз.

Конференция ұйымдастырушылары:

• «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

• Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

• AMC TELEDOC INTERNATIONAL Pte (Сингапур)

Қатысу форматы: онлайн / офлайн.

Қосымша құзыреттер алу үшін тіркеуден өту қажет

  1.  Тіркеу 2026 жылғы 21 мамырға дейін (қоса алғанда) ашық.
    https://komekexpert.kz/konferenczii/
    Өткізу форматы: онлайн/офлайн
  2. Тіркеу барысында барлық өрістерді толық әрі дұрыс толтырыңыз.
    Назар аударыңыз!
    Тегі, аты, әкесінің аты (ТАӘ) жеке куәліктегі нұсқасына сәйкес көрсетілуі тиіс.
  3. Тіркеу деректерін жібергеннен кейін төлем жасау қажет:
    — QR-код арқылы
    — немесе сайттағы сілтеме арқылы
  4. Конференцияға қатысу сілтемесін алу үшін Telegram арнасына қосылу қажет:
     https://t.me/kz1_astana
  5. Конференция қатысушыларына сынақ бірліктері (қосымша құзыреттер) көрсетілген сертификат беріледі.

Қатысу құны:

80 СБ (сынақ бірліктері): дәрігерлер – 24 900 тг / орта буын медицина қызметкерлері – 17 900 тг

40 СБ: дәрігерлер – 17 000 тг / орта буын медицина қызметкерлері – 15 000 тг

1-қосымша

Жұмыс беруші стендін рәсімдеуге қойылатын талаптар

Жұмыс берушінің стенді бос жұмыс орындарына үміткерлерді толық әрі жан-жақты ақпараттандыруды, сондай-ақ жұмыс беруші өкілдерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Жұмыс беруші стендін ұйымдастыру бойынша ұсынылатын талаптар:

Мүлік атауыСаныЕскерту
1Үстел1ұйымдастырушылар ұсынады
2Орындық2-3ұйымдастырушылар ұсынады
3Ақпараттық баннерлер (ролл, «өрмекші тәрізді стендтер» және т.б.)Жұмыс берушінің қарауына қарайЖұмыс беруші өзі дайындайды
4Ақпараттық үлестірме материалдарЖұмыс берушінің қарауына қарайЖұмыс беруші өзі дайындайды
5Кеңсе тауарлары, жұмыс беруші өкілдеріне арналған ауыз су және т.б..Жұмыс берушінің қарауына қарайЖұмыс беруші өзі дайындайды
Share