Skip to main content
search

«ҚДСЖМ/KSPH» Қазақстандық медицина университетінің ұжымы көрнекті академик, қазақ медицинасының мақтанышы Төрегелді Шарманұлы ШАРМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Төрегелді Шарманұлы – ел аузында жүрген, мықты маман, айтулы академик, медицина ғылымының докторы, профессор. Дүниежүзілік денсаулық сақтаудың екінші ұлы хартиясының авторы.

12 жыл бойы республиканың Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды.

2022 жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гуманитарлық салаға қосқан зор үлесі үшін академик Төрегелді Шарманұлына «Қазақстанның еңбек ері» атағын берді.

Иманы саламат болсын!

Close Menu