Skip to main content

Ұйымдық құрылым

Университеттің құрылымдық ұйымының негізін кафедралар мен ресурстық-ақпараттық орталық құрайды. Кафедралар қызметінің негізгі бағыттары: оқу, ғылыми, халықаралық жобаларға қатысу, сараптамалық және консалтингтік.

Соңғы жылдары «ҚДСЖМ» ҚМУ материалдық-техникалық базасы айтарлықтай кеңейді – Университетте 22 оқу класы мен аудитория бар, бұл бір уақытта 400 адамды оқытуға мүмкіндік береді, 30 компьютермен жабдықталған екі компьютерлік класты қамтамасыз ететін жергілікті желі бар, кафедралар мен бөлімшелерде жоғары жылдамдықты интернетке қосылған 127 компьютер бар. Оқу-ақпараттық орталықта оқу-әдістемелік материалдар, жинақтар және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша мамандандырылған Орта Азиялық журналды шығаруға мүмкіндік беретін көшіру-көбейту бөлімшесі бар. Қосымша оқу жабдығы және LCD проекторы, веб- және бейнекамера, аудио-визуалды техника сияқты жаңа технологиялар қажетті оқу материалдарын дайындау және оқу сабақтарын жүргізу барысында көмектеседі. Интернет ресурстарға деген қолжетімділіктен бөлек, «ҚДСЖМ» ҚМУ оқытушылары мен тыңдаушыларына арналған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде заманауи оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеті және электрондық деректер базасы бар кітапхана жұмыс істейді, бұл сабақтарға тиімді дайындалуға ықпал етеді.

Болашақта, Университет білім беру орталығы ретінде негізгі қызметті орындауды жалғастырады және бір уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейтетін болады. Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ қашықтықтан жұмыс істейтін технологияларды пайдалану арқылы өз қызметін (оқыту және қайта даярлау) кеңейтеді және қашықтықтан оқытудың эксперименталдық курстарын енгізген. Жақын арада Университет Қазақстан және Орта Азия аймақтарымен бірге белсенді қызмет жасайтын болады, өйткені Орта Азиядағы денсаулық сақтау секторы серпінді орта болып табылады және осы елдерде жаңа типтегі кәсіби мамандарды даярлау және осындай оқытуға сұранысты арттыру бойынша жауапкершілікті өзіне алатын білім берудің толыққанды көздерін құруға жіті қажеттілік пайда болады.