Идеологиялық жұмыс аясында «Жаңа Конституция және “Заң және тәртіп” қағидаты: азаматтардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шараның спикері — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің деканы, заңгер, PhD докторы, қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлы.
Семинар барысында спикер Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелерімен таныстырып, оның мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуындағы маңызы туралы баяндады. Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігіне, сондай-ақ құқықтық мемлекетті нығайтудағы «Заң және тәртіп» қағидатының рөліне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар өмір сүру және сот арқылы қорғалу құқықтарын, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, азаматтардың заңнаманы сақтау жауапкершілігін, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау міндеттерін талқылады. Сонымен қатар жалпыұлттық бірлікті нығайту, құқықтық мәдениетті дамыту және жауапты отаншылдық мәселелері қарастырылды.
Семинар қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және әділетті, қауіпсіз әрі жауапты қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті.



